#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Алматыда Абай көшесіндегі ағаштар көшірілетін болды

  • 27.10.2020
  • 0
  • 143

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасында өткен көшпелі жиын барысында Абай көшесінің Достық пен Байтұрсынұлы көшелері аралығындағы ағаштардың жай күйі талқыланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мамандардың айтуынша, бұл жерде 306 ағаш өсіп тұр. 

Қылқанжапырақты ағаштар саны – 254.

Жапырақты ағаштар саны – 26.

Жеміс ағаштары саны – 24.

Сарапшылар олардың көпшілігінің жағдайы нашар екенін анықтады.

Ағаштар қурап кеткен. Комиссия кеуіп кеткен ағаштарды кесуге рұқсат берді.

306 ағаштан 47 ағаш кесіледі. Оның ішінде 23 ағаш 27 қазаннан бастап басқа жерге көшіріледі. 

«Бұл учаскеде ең алдымен апаттық жағдайдың алды алынады. Ағаштар қурап тұрғандықтан құлап қалуы мүмкін. Сондай-ақ, Абай даңғылының эстетикалық көркемдігін арттыру үшін осы араның жасыл желегін жаңарту керек», - деді басқарма басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар