#
#
Жұма 18/09/2020

Алматыда 700 ана грант алды

  • 14.09.2020
  • 0
  • 96

Алматыда биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 700 ана өз кәсібін бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңа бағдарлама туралы әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жазды. 

«Көпбалалы аналарды қолдау үшін бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы барлық ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасын аштық. Жоба аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда. Курста кәсіпкерліктің әліппесі үйретіледі. 

Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 700-ге жуық ана өз бизнесін ашып, бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алды. 

Бүгінде олар тігін мен тоқыма бұйымдарын, ұлттық киім мен әшекейлерді, ыдыс-аяқтар және басқа да тауарларды шығарады. Бұл өнімдерін олар Түрксіб ауданында меценаттардың қолдауымен ашылған «Іскер ана» арнайы дүкенінде сата алады», - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Бұған дейін «Бақытты отбасы» орталықтарының 30 мыңға жуық адамға қызмет көрсеткенін жазған болатынбыз. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар