Алматы қаласында бір тәулікте 10 725 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 25 маусым күні 10 725 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 маусым аралығында қалада барлығы 413 703 адамға екпе салынды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 59 590.
Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады ведомстводан.
«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 51 847 дозасы және екінші компоненттің 105 279 дозасы бар» - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
