03 сәу, 2020 сағат 11:58

Алматыда 6 зертханада коронавирустан тест тапсыруға болады

Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалар саны екі есеге көбеймек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, жақында Алматыда тағы 3 зертхана коронавирус инфекцияларын анықтауға көшеді. 

«Зертханалар санына келсек, бізде егер бұған дейін 3 зертхана жұмыс істеп тұрса, тағы 3 зертхана қосылады. Олардың бірі Корея мен Қазақстанның бірігіп ашқан жекеменшік зертханасы. Бұл ұйымның арнайы рұқсат құжаттары бар. Сондай-ақ, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасының да арнайы рұқсаты бар. Сосын СПИД орталықтың лабораториясы қосылатын болды», - деді онлайн брифинг барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова. 

Оның айтуынша, «Олимп» КДЗ бірнеше күннен соң жұмысқа кіріседі. Ал Корея-қазақстандық компания жұмыс істеп жатыр. ЖИТС орталық жұмыс материалдарын жеткізу бойынша келісім шарт жүргізіп жатыр.