01 қар, 2025 сағат 12:26

Алматыда 6 көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар


Фото: threads.com/@tam1rka.axaxa


Алматының әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысты. Жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.


BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.


-Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр,-деп хабарлады Алаты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Осыған дейін Ақтөбеде әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірімнің жол апаты кезінде көз жұмғаны туралы жаздық.