Фото: Kazinform
Алматыда Республика күнін мерекелеу аясында Абай алаңында дрондар шоуы өтті, деп хабарлайды Kazinform ХАА.
Республика күніне арналған мерекелік іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін таңғажайып көрініс ұсынды. Шоу шамамен 20 минутқа созылды, оны 15 мыңға жуық алматылық тамашалады.
Аспанға бір мезетте 500-ден астам дрон ұшып, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін ерекше бағдарламаны ұсынды. Атап айтқанда, Қазақстанның географиялық картасынан бастап, Мемлекеттік ту, киіз үй, Алтын адам, алма, қызғалдақ және өзге де бейнелер көрсетілді.