Бүгін Алматыда онлайн брифинг барысында қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы 42500 теңге алудың тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, жұмыс берушілер жұмыскерлерінің мына құжаттарын енгізуі керек:
- жалақысы сақталмаған демалысқа кеткен жұмыскерлер тізімі (Аты-жөні, ЖСН, демалыстың басталған уақыты, шоттары (банк, шот нөмірі, жұмыскердің телефон нөмірі).
Жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жинақтық төлем төлейтін тұлғалар:
- өтініш, Аты-жөні, ЖСН, банк, банк шоты, мекенжайы, телефон, е-майл көрсетуі тиіс.Өтініште міндетті түрде телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
«Жұмыс беруші осы талаптарды орындамаған жағдайда жұмыскер еңбек инспекциясына шағымдана алады. Азаматтар 1 қыркүйекке дейін өтінім бере алады.
Өтініштерді
1) «Электронды үкімет» веб порталы
2) Enbek.kz порталы;
3) telegram-bot, 42500.enbek.kz порталының aitu-bot арқылы;
4) ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы;
5) бірыңғай жинақтық төлем төлейтін жекетұлғаларға проактивті форматта өткізуге болады.
Жұмысы жоқ азаматтарға Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады», - деді Д.Әлкебайұлы.