23 шіл, 2020 сағат 13:14

Алматыда 400 адам маска тақпағаны үшін 83 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Алматыда 400 адам маска тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалада қазір қоғамдық орындарда, аялдамаларда, подьездер мен дүкендерде маска тағу туралы ақпараттар жапсырылған.

«Бірақ, кейбір азаматтар масканы тақпай, қалтасына салып жүреді. Ыңғайсыз екені рас. Бірақ, біз бұл әдетке үйренуіміз керек. Өз денсаулығымыз үшін. Бүгінде Алматыда 400 адам 83 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Егер айыппұлды уақытында төлесе, бұл соманың жартысын ғана төлейді», - деді әкім.