02 қыр, 2021 сағат 22:35

Алматыда 4 қыркүйектен бастап карантин талаптары жеңілдейді


Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы шектеу шараларына байланысты жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңа қаулыға сәйкес, Алматыда демалыс күндеріндегі карантиндік шаралар 4 қыркүйектен, ал жұмыс күндеріндегі карантин 6 қыркүйектен бастап жеңілдетіледі. 

ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды. 

Қол қойылған күннен бастап күшіне енген құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.