17 шіл, 2020 сағат 11:52

Алматыда 36 судья коронавирус жұқтырған

Алматы қалалық сотының 36 судьясы мен 33 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот отырыстары қазір қашықтан ұйымдастырылады.

«Алматы қалалық сотының өкімімен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін 17 шілдеден 2 тамызға дейін судьялар мен сот қызметкерлері үйлерінде оқшауланып, қашықтан штаттық режимде жұмыс істейді», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Алматы қалалық сотының сот алқаларының және аудандық сот төрағалары жұмыс орнында болуға міндеттеледі. Осы жұмысты атқару үшін ақпараттық тхенологиялар бөліміне судьялар мен қызметкрелердің компьютерлеріне «Төрелік» бағдарламасын орнатуға міндеттеледі.

«Өкінішке қарай, Алматы соттарында 69 адамда Covid-19 расталған. Оның ішінде 36 судья мен 33 қызметкер бар», - деді Алматы сотынан.