Фото: Алматы әкімдігі
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, деп хабарлайды Ult.kz.
31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін Астана алаңында қаладағы басты жаңа жылдық концерт өтеді. Мерекелік шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарын бір шаңырақ астына жинамақ.
Сахнада отандық эстраданың жұлдыздары, көпшілікке сүйікті орындаушылар мен танымал топтар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Макпал Исабекова, Алишер Каримов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Даулет Жанболат, Жұбаныш Женсенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Muzart Life, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі және өзге де өнерпаздар бар.
Мерекенің шарықтау шегі ретінде дәстүрлі жаңа жылдық отшашу ұйымдастырылады. Айта кетейік, фейерверк демеушілік қаражат есебінен өткізіледі және барлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады.
Алматылықтар мен қала қонақтары Жаңа жылды әуенге, жарқыраған шамдарға және ұмытылмас әсерлерге толы кеште қарсы алмақ.
