25 қар, 2025 сағат 10:46

Алматыда 20-дан астам мұз айдыны ашылады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда спорт саласы белсенді дамып келеді. Алдағы уақытта қалада қысқы демалыс пен белсенді уақыт өткізуге арналған 20-дан астам жаңа мұз айдыны ашылады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бүгінде Алматыда 3 600-ден астам спорт нысаны бар, қаланың спорттық инфрақұрылымы одан әрі кеңейіп келеді.

2024–2025 жылдары 6 жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, сондай-ақ 2 нысан жеке инвестиция есебінен ашылды.

  • - Нұркент шағынауданында жаңа теннис орталығы іске қосылды.
  • - Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған орталықтың құрылысы жүріп жатыр.

Жоспардағы өзге жобалар:

🔹 2027 жылға дейін тағы 6 спорт кешенін салу.
🔹 Спорт мектептерін жаңарту және нығайту.
🔹 Жаңа футбол стадионын салу.
🔹 Халықаралық жарыс өткізуге мүмкіндік беретін көркем гимнастика орталығын құру.
🔹 Спортшылар мен жанкүйерлер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Орталық стадион мен «Медеу» кешенін қайта жаңғырту.