Алматыда коронавирус індеті анықталған 2 тұрғын үйден карантин алынды, - деп хабарлайды қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты індет тараған 2 ошақта шектеу шаралары алынып тасталды. Олар - «Жетісу-2» шағынауданы, 70 «а» үйі және «Жас Қанат» шағынауданы, 1/53 үйі.
Департаменттің 8 сәуірдегі мәліметіне сәйкес, Алматы қаласында коронавирус инфекциясы тараған 37 аймақ тіркелген:
Әуезов ауданында 7 ошақ: «Мамыр-4» ы/а, 313; № 6 ықшамауданы, 35; № 1 ықшамауданы,28; «Мамыр-4» ш/а, 54; Афцинао, 4; «Ақсай-1» ш/а, 24; «Мамыр-4», 296.
Алатау ауданы бойынша 5 ошақ бар: «Ақбұлақ» ықшамауданы, 9; Жасыл желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа Батыр көшесі, 190; Рахимов көшесі, 123.
Алмалы ауданында 6 ошақ: Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85; Байзақов көшесі, 232; Досмұхамедов көшесі, 13; Досмұхамедов көшесі, 8; Байзақов көшесі, 263.
Медеу ауданы бойынша 4 ошақ: Қонаев көшесі, 62; «Самал-3» ш/а, 25; Достық даңғылы,116; Достық даңғылы,493.
Жетісу ауданында 4 ошақ: Волочаевский көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; «Құлагер» ш/а, 45; Борзов көшесі, 85.
Түрксіб ауданында 3 ошақ: «Жұлдыз-2» ш/а, 45; «Жұлдыз-1» ш/а,13; Тоқай көшесі, 25.
Бостандық ауданында 7 ошақ: Навои көшесі, 328; Клочков көшесі, 117; Навои көшесі, 310; «Орбита-1» ш/а, 27; Байзақов көшесі, 299а; Тимирязев көшесі, 42; «Орбита-4» ықшамауданы, 33.
Наурызбай ауданында індет анықталған 1 үй бар: Береке көшесі-1/ 97.
Соңғы ресми деректерге сәйкес, Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың саны - 119.
Бүгін екі пациент сауығып үйіне шығарылды. Жалпы қалада індеттен 23 адам жазылды.