#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

Алматыда 17 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданады?

  • 15.08.2020
  • 0
  • 189

17 тамыздан бастап Алматыда көптеген кәсіпкерлік субъектілердің жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшинің айтуынша, осы уақытқа дейін қызметіне тыйым салынған нысандар дүйсенбіден бастап жұмысын қайта бастайды. 

«17 тамыздан бастап сауда орталықтары, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, сән салоны мен орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Айта кету керек мұнда адам санына шектеу қойылған. Яғни, 5 келушіден артық қабылдауға болмайды«», – дейді Жандарбек Бекшин. 

Сондай–ақ, дүйсенбіден бастап ашық аспан астындағы аттракциондарға ашылуға рұқсат берілді. Мұнда да барылық санитария талабы сақталуы тиіс. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, келушілер ағынын реттеу және міндетті түрде маска тағу қажет. 

«Спортпен шұғылдануға рұқсат етілді. 30 адамнан аспайтын ұлттық құрама командаларға жаттығу өткізуге болады. Мұнда жоғарыда аталған санитарлық талапты сақтау қажет», - дейді ол. 

Сонымен қатар, алматылықтарға саябақтарға, алаңдарға, жағалауға, баруға болады. Бірақ 1 метрлік әлеуметтік қашықтықты қадағалау керек.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар