22 қаз, 2024 сағат 19:02

Алматыда 14 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген экс-полицейлердің соты басталды


Фото: Ішкі істер министрлігі


2023 жылдың соңында Алматыда 14 жасар қызды зорлау дерегі бойынша екі полиция капитаны қамауға алынды. Іс Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Сmn.kz порталына сілтеме жасап.


Мәліметтерге сенсек, 14 жасар қыздың зорланғаны туралы бірінші болып Немолчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. 16 қарашада ол барлығы Конаев қаласында болғанын жазды. Бұл ретте қоғам белсендісі күдіктілердің бірі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор екенін айтты.


Бұдан кейін 17 қарашада Алматы облысының полиция департаменті резонансты мәлімдемеге жауап берді. Хабарламада 7 қарашада полицияға 43 жастағы облыс тұрғынының арызданғаны айтылған. Онда ол қызын белгісіз екі адам зорлағанын көрсеткен. Күдіктілердің бірден ұсталғаны айтылып, олардың 2000 және 2001 жылы туған азаматтар екенін анықталды. Алайда күдіктілер полиция қызметкері екенін айтпаған.


11 желтоқсанда мәжілістегі отырыстан кейін журналистер ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденовтен істің жай-жапсарын сұрады.


"Өкінішке қарай, мұндай факт тіркелді. Тәртіптік комиссия өткізіліп, бұл адамдар жұмыстан босатылып, қамауға алынды", – деп ол жауап берген еді.


Ішкі істер министрлігі редакцияның сауалына жауап бере отырып, Алматы полиция департаментінің бұйрығымен олар ішкі істер органдарынан келеңсіз себептермен жұмыстан босатылғанын хабарлады.  Анықталғандай, күдіктілер дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) 4-бөлігіне сәйкес Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жариялады. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, Қылмыстық-процестік кодексiнің (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу)300-бабына сәйкес, қадағалаушы прокурорға жолданды. Алматы прокуратурасы қылмыстық істі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотқа қарауға жіберді", - делінген ІІМ-нің жауабында.


Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі біздің өтінішімізге жауап бере отырып, бұл күдіктілерге қатысты сот процесі басталғанын, бірақ оның жабық есік жағдайында өтіп жатқанын растады. Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәсі дәлелденсе, айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.