Алматыда №12 орталық қалалық клиникалық аурухана толықтай карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін 12-ші аурухана толығымен карантинге алынды. Олар енді науқастарды қабылдамайды. Бәрін бүтіндей жапты», – деді Айзат Молдақасымова.
Бүгін, 13 сәуірде, Алматыда тағы 27 медицина қызметкері коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 21– і әйел және 6 ер адам, араларында бір жүкті әйел бар. Медицина қызметкерлерінің екеуінің жай-күйі полисегментті пневмонияларына байланысты – ауыр, қалған адамдардың барлығында – қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.