Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев соғыс ардагері Қайырлы Жонқобаевты жүз жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы әкім өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысының атынан аты аңызға айналған Панфилов дивизиясында соғысқан Қайырлы Жонқобаевты жүз жылдық мерейтойымен құттықтадым. Ардагерге «Еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Ақсақалға зор денсаулық пен амандық тілейміз», – деп жазды әкім.
1941 жылы Отанын қорғауға аттанған қазақ сарбазы небәрі 20 жаста еді. Ол Мәскеу түбіндегі ерлігі мен соғыста көрсеткен батылдығы үшін көптеген наградалармен марапатталған.
Бүгінде қарт жауынгер 5 баладан 7 немере, 14 шөбере сүйіп отыр.