04 жел, 2020 сағат 13:44

Алматыда 100 үй жылусыз қалды

Алматыда 100 шақты үй жылусыз қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындары шағымданды. 

Осы оқиғаға байланысты Facebook әлеуметтік желісіндегі «Дежурный по городу» тобындағы жазбаға әкімдік өкілдері жауап берді.

«Бостандық ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Жароков көшесіндегі «АлТС» ЖШС магистральды жылу желісі жарылған. Сондықтан аудандағы 108 үй жылудан ажыратылды»,- деді әкімдік. 

«Алматы жылу желілері» ЖШС жұмыскерлері қазір апатты қалпына келтірумен айналысып жатыр. Бүгін кешкі 17:00 шамасында тұрғындарға жылу беріледі»,-делінген хабарламада.