19 қыр, 2025 сағат 17:53

Алматы жолдарында жаңа белгі пайда болды: ол нені білдіреді?


Фото: kolesa.kz


Алматыдағы Серкебаев даңғылында жол жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа жол белгісі пайда болды. Тасжол жиегінде сары үзік сызықты байқауға болады. Көлік жүргізушілерінде бұл белгі нені білдіретіні туралы сұрақтар туындады, - деп хабарлайдыі Kolesa.kz.


Сары үзік сызық нені білдіреді?


Мұндай белгі жол қозғалысы ережелерінде баяғыдан бар, тек Алматыда оны қолданбай келген.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес:


тұтас сары сызық - мұнда мүлде тоқтауға болмайды
сары үзік сызық - тұраққа қоюға тыйым салынады, бірақ қысқа мерзімге тоқтауға (жолаушыны отырғызу немесе түсіруге, заттарды түсіруге) рұқсат етіледі.



Яғни, көлікті ұзақ уақытқа қоюға болмайды, бірақ қысқа уақытқа тоқтауға болады.