01 қаз, 2020 сағат 14:11

Алматы жолдарында торлы жол белгісі пайда болды

Алматыда Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында торлы жол белгісі сызылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алматыда жыл соңына дейін 5 көше қиылысында осындай белгі пайда болады. 

«Бұл белгілер жүргізушілерге бос кеңістікті басуға болмайтынын ескерту үшін жасалған. Қазір олар эксперимент ретінде салынды. «Вафельді» белгі - бұл қиылыстағы жол үстіне сары жолақтармен салынған тор көздер. Жүргізушілер кептеліс кезінде бір-біріне кедергі келтірмейтін болады. Бұл белгілер көбінесе бағдаршаммен реттелетін, бірақ кептеліс көп болатын қиылыстарда қойылады», - деді ПД-дан.