25 мау, 2021 сағат 14:50

«Алматы жастары» бағдарламасы: Биыл 900-ге жуық пәтер беріледі


Жыл соңына дейін Алматы қаласында 2 млн 604 мың шаршы метр баспананы қолданысқа беру жоспарланған. Бұл турал қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл соңына дейін біз 2 миллион 604 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен – 248,5 мың шаршы метр немесе 3266 пәтер үлестірілмек. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 800-ден астам алматылықты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген «Шаңырақ» пилоттық жобасы іске қосылды», - деді қала әкімі.

Шаһар басшысы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін тағы 884 пәтер берілетінін мәлім етті.

«2020 жылдан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1 мың жас қамтылады. Бүгінде тұрғын үйді бөлу тәсілдері қайта қаралды. Жыл басынан бері 116 жас отбасы баспаналы болды», - деді әкім.