29 қаз, 2024 сағат 18:32

Алматы – туристердің сүйікті қаласы

Фото: Адиль Садыков

Бүгін Алматы қаласы туризм басқармасының ұйымдастыруымен "Туристік профиль: орташа есепшот, трендтер мен қалаулар" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Шара Алматыға келген шетелдік және отандық туристердің портретін жан-жақты талдауға арналды. Шарада сөз сөйлегендер:

Руслан Жаңабаев – Алматы туризм бюросының маркетинг және стратегиялық талдау бөлімінің бастығы.

Дәулет Бағисов – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының статистикалық қызмет басқармасының басшысы.

Бауыржан Дзазыкбаев – MastercardD&S компаниясының аға менеджмент жөніндегі кеңесшісі.

Брифинг орташа туристің негізгі сипаттамаларын ашты: жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы, қызығушылықтары, шығындар түрлері, сонымен қатар қалаға келудегі қанағаттану дәрежесі. Ұлттық статистика бюросы мен Mastercard спикерлері мәліметтерді жинау және талдау кезеңдері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Туризм индустриясының қазіргі тенденцияларымен таныстырып, туристердің қаланың дамуына қосқан үлесін талқылап, тиімді екенін дәлелді түрде атап өтті.

Іс-шарада түрлі деректер талданып, Алматы экономикасына туризмнің беретін пайдалы әсері туралы сөз қозғалды. Өзінің Tourism Insights аналитикалық платформасының деректеріне сүйене отырып, Mastercard Data & Services сарапшылары туристік индустрияның негізгі трендтері туралы аналитикалық қорытындыларымен бөлісті. 

"Әлемде халықаралық туристер саны мен туризмге байланысты тұтынушылық шығындардың рекордтық өсуі байқалады. Маңызды драйверлердің бірі саяси және мәдени іс-шаралар болып табылады - мысалы, музыкалық шоулар, спорттық және саяси іс-шаралар туризмді дамытудың басты тетіктерінің бірі", - екенін атап өтті.


Қазақстанда туризм өркендеуде екенін салыстырмалы түрде зеріттелген ақпаратпен дәлелдеді .

"Алматы туристерді қызықтыратын басты қала. Орталық Азия елдері арасындағы туристердің интернеттегі ізделген сұраулар бойынша 29,7%-ы Алматының үлесіне тиеді. Алматыда Халықаралық және ішкі рейстер саны айтарлықтай өскенін және соған орай қажеттіліктермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстануда екенін баяндады.  Нұсқаларды іздейтін және саяхатты алдын ала жоспарлайтын туристердің саны артты. Алдын ала іздеу өткен кезеңмен салыстырғанда 24%-ға артып, 40 күнге жетті, ал қалада орташа болу мерзімі 11%-ға қысқарып, 8,1 күнге жетті. 
ТМД-дан тыс елдердің ішінде Алматыға әуе билеттерін брондау саны бойынша көшбасшы үштікте Түркия, Оңтүстік Корея және Қытай тұр. Қытай азаматтары үшін визасыз режимді енгізген соң қызығушылар 6 есеге дейін өскен. Халықаралық туристер шығындарының негізгі категориялары қонақүйлер, мейрамханалар және әуе билеттері болып табылады," -  деп аналитикалық слайдтармен ақпараттандырды.