13 қаз, 2020 сағат 18:25

Алматы тұрғыны 100 жеміс ағашын заңсыз кесіп тастаған

Алматыда 100-ден астам жеміс ағашы заңсыз кесілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік инспекторлары кезекті рейд жүргізіп, оның барысында Медеу ауданында орналасқан Обсерватория көшесінің бойындағы 5/5 жер учаскесінде 102 жеміс ағашын кесу фактісін анықтады. Белгілі болғандай, оны Алматы тұрғыны кесіп тастаған. Оқиға орнына жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылды», - деп хабарлады Экология департаментінен. 

Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолдануда.