05 нау, 2022 сағат 10:06

Алматы тұрғындарын алдап, 25 миллион теңгесін алып кеткен әйел ұсталды


Алматыда қала тұрғындарын тұрмыс жағдайын жақсартуға көмектесемін деп алдап, 25 миллион теңгессін алып кеткен 44 жастағы әйел ұсталып, изоляторға қамалды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел адамдардың сеніміне кіріп, оларға жер телімдерін, пәтерлерді және басқа да жылжымайтын мүлікті нарықтан төмен бағаға сатып алуды ұсынған. Ұтымды бағаны пайдаланып қалғысы келгендер де көп болған.

Күдікті екі миллион теңгеден жеті миллион теңгеге дейінгі алғашқы жарнаны алып, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта оның осындай 14 алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Жалпы материалдық шығын 25 миллион теңгеден асады. Әйел бұрын сотты болмаған, бірақ полиция оның басқа қылмыстық эпизодтарға қатысы барын жоққа шығармайды.

Полицейлер алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ықтимал жәбірленушілерді мына телефондарға хабарласуларын сұрайды: 8 (727) 227 55 02; 8 708 380 54 00; 8 708 374 74 25.