23 қар, 2020 сағат 08:52

Алматы тұрғындары емен және қарағашты отап тастағандарға наразылық білдірді

Алматыда Sulpak сауда үйінің жанындағы жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Sulpak және Small түнгі 4.00-те 10 емен ағашын заңсыз кесіп тастады. Енді олар бұл істі жымын білдірмей жауып тастағысы келіп жатыр. Бұл оқиға 22 қарашада болған», - деді Instagram-дағы жазбада. Бұл оқиғаға байланысты әкімдік түсінік берді.

Олардың айтуынша, Төлеби көшесіндегі 187-үйде орналасқан ғимараттың жанындағы талдарды кесуге рұқсат берілмеген.

«Қазір аудан әкімдігі мен ПД кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айыпты тұлғалар анықталған соң ПД оларды жауапкершілікке тартады. Толығырақ ақпаратты зерттеу жұмыстары аяқталған соң жариялаймыз», - деді әкімдіктен.