14 қаң, 2022 сағат 10:38

Алматы трагедиясы: Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам хабар-ошарсыз кеткен

4 қаңтардан кейін Алматы қаласында 22 адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланған. Соның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның жүрген жері анықталуда. Барлық оқиғалар бойынша іс қозғалып, жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде. 

Қалалық полиция департаментінен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аудандардың немесе сол адамды соңғы рет көрген аудандардың ішкі істер бөлімдеріне жүгінуге кеңес берді.