
Жамбыл облысының Түркістан облысымен шектесетін аумағында жол бөлігі барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы.
«Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, боран, көрініс қиындығы) «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 536-593 шақырымында Айша бибі кенті-Түркістан облысының шекарасы аралығында барлық көліктердің жүруіне шектеу қойылды»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ Жамбыл облысының шекарасы-Машат кенті аралығында да көліктердің жүруіне шектеу қойылды.
