14 қыр, 2021 сағат 12:35

Алматы полициясы заңсыз кесілген 300 ағашқа қатысты қылмыстық іс қозғады


Алматының Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі 300 ағашты кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы 1-бөлігі (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Тиісті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеуді Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.