Алматыда лаңкестікке қарсы күрес штабы жедел желі құрды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған кері байланыс желісі арқылы тұрғындар лаңкестік әрекеттер туралы жедел хабарлай алады.
«Атап айтқанда, 110 нөмірін теру арқылы ҚР ҰҚК-не, 254-40-07; 263-36-36 және 263-38-38 нөмірлерін теру арқылы ІІД кезекшісіне, 265-03-03; 265-03-70 нөмірін теру арқылы Алматы прокуратурасына лаңкестік қауіп туралы ақпар жеткізуге болады. Сондай-ақ, қалалық ІІД басшысының электронды мекенжайындағы блогы да жедел әрекет етуге әзір», - делінген хабарламада.