#
#
Сенбі 31/10/2020

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

  • 22.09.2020
  • 0
  • 129

Алматы қалалық Полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасына байланысты полиция қызметі күшейтілген режимге көшкенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«22-24 қыркүйек аралығында өтетін іс-шара жол-көлік оқиғасының алдын алуға және азайтуға, олардың салдарының ауырлығына бағытталған. Оның мақсаты – алдын алу жұмыстарын күшейту және жол пайдаланушылары арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын азайту. Бұл күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет етеді. Сондай-ақ, «Қауіпсіз жол» науқаны аясында жолаушылар мен жүктерді автокөліктермен тасымалдауды жүзеге асыруда жол қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылатын болады», - дейді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, бөлімшеде жауынгерлік қызметтің жеке құрамына жүктелген негізгі міндет- жол жүру ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу, жол ережелерінің талаптарын ескермейтін жүргізушілерді анықтау.

«Сондай-ақ, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Көбіне жол апатына тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі. Сондықтан мен тұрғындарға көшелерде қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерінен және тек жасыл бағдаршамда өтіңіздер», - дегім келеді. Жүргізушілер өте мұқият болуы , жол ережесін бұзбауы және жылдамдықты сақтауы керек», - деді Жандос Мұраталиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар