04 нау, 2024 сағат 17:18

Алматы полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр



Қаладағы қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етіп жатыр  деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген режиміне көшті. Сонымен қатар, тергеу-жедел топтар күшейтілді.

Ерекше назарда: жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына; жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда; жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды.

Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршамның көмегімен жүзеге асырылады.
Ата-аналардың бір мезгілде балаларын үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген.