14 қаз, 2020 сағат 13:50

Алматы полицейлері карантин талаптарын түсіндіруде

Алматы полициясы тұрғындар арасында карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласының полиция қызметкерлері мониторинг топтың құрамына кірген. Тәртіп сақшылары тұрығындар арасында карантиндік шаралардың маңыздылығын түсіндіріп жатыр. 

«Біріншіден, біз бетперде режимін сақтау туралы айтамыз, ол бүгінде азаматтарды қорғаудың ең негізгі әдістерінің бірі.Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер карантин талаптарын сақтауды мүлдем тоқтатқан: олар медициналық бетперделерді шешіп, қонаққа барып жүр, қолдарын және үйлерін антисептикпен тазалауды ұмытқан. Ал бұл коронавирус инфекциясының таралуына әсер ететін тікелей фактор. Осыған байланысты азаматтардың жаппай демалу орындарында және қоғамдық көліктерде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Полиция қызметкерлері, эпидемиолог қызметкерлер және аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен құрылған ондаған мобильді топ өз жұмыстарын жалғастыруда», –дейді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Тәртіп сақшылары алматылықтарды маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты және карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

«Бұл Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі. Әрқайсымыздың қауіптің сейілмегенін және қорғаныс құралы инфекцияның таралуын барынша азайтуға көмектесетінін түсінуіміз маңызды. Қандай да бір себептермен бетперде режимін сақтамайтын азаматтар үшін инспекторлар медициналық бетперде кию керектігін еске салып, бетперде ұсынады. Мұндай жұмыс барлық жерде жүргізіледі», – деп қорытындылады Нұрлан Алмасбеков.