Фото: rutube.ru
Алматы облысында 1 қаңтар мен 2 қаңтар аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар. Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына мәлімдеме жасады.
"Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысындағы азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкіні жүру қаупіне байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады. 2025 жылдың 1 қаңтары мен 2 қаңтары аралығында тауларда қар көшкіні қаупі сақталады", – делінген хабарламада.
Ведомствода облыста қар көшкіні жүруі мүмкін 55 аумақ бар екенін айтты. Көшкін жүруі мүмкін аумақтар Іле Алатауының оңтүстік беткейіндегі Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай өңірлері.
Сондай-ақ мамандар қар көшкіні көбінесе кенеттен жылынып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуінен болатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының таулы аймақтарында өздігінен қар көшкіні жүріп, жолды жауып тастағаны туралы жазған едік.