#
#
Жексенбі 09/08/2020

Алматы облысының әкімі коронавирустан жазылды

  • 12.07.2020
  • 0
  • 252

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жазылып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс айтамын. Ал ақ халатты абзал жандарға алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым. Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін», - деп жазды Амандық Батталов Facebook-парақшасында.

Еске сала кетсек, 22 маусым күні Амандық Баталовтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. 

Кейін әлеуметтік желіде өңір басшысы Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатқандығы туралы ақпарат тарады. Бірақ әкімнің баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды. 

Сонымен бірге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус жұқтырып алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ем алу үшін елордадағы Кардиохирургиялық орталыққа ауыстырылу себебін түсіндірген болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар