#
#
Сенбі 24/10/2020

Алматы облысында жайылымнан мал ұрлады деген айыппен екі жігіт ұсталды

  • 23.09.2020
  • 0
  • 117

Алматы облысы Кербұлақ ауданының полицейлері жергілікті тұрғынның 6 бас сиырын жайылымнан қолды қылды деген күдікпен 25 және 29 жастағы екі азаматты ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында қолды болған сиырлар табылып, заңды иесіне қайтарылған.

«Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Кербұлақ және Көксу аудандарының екі тұрғыны қамаққа алынды. Олардың аудан тұрғынының 6 сиырын ұрлағаны дәлелденді. Қазіргі уақытта күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде»,- дейді Кербұлақ АПБ бастығы, полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев. 

Тергеу барысында күдіктілердің аудан орталығы маңындағы автожол бойында жайылып жүрген сиырларды «Газ-53» көлігіне тиеп, ұрлап кеткені анықталған. Ұрлық ізін жасыру мақсатында олар сиырларды Көксу ауданына апарып, өзге біреуге арзан бағаға сатып жіберген. 

Күдіктілер бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Олар қылмысқа қаржылай қажеттілік болғандықтан барғанын және сатып алушының ақшасын өз қажетіне жұмсағанын хабарлаған.

Мал иелері екі апта бойы сиырын өздері іздеп, таба алмайтынын білген соң полицияға арыз жазған. 

Аудандық ішкі істер органы бастығының ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу және оған қатысы бар қылмыстарды ашу шараларын күшейткен. Қыркүйек айында Кербұлақ ауданының полицейлері мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен төрт азаматты қамаққа алған. Олардың заңсыз әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатқызылған. 

Сонымен қатар, із кесушілер арнайы шара барысында қолды болған 5 жылқы, 6 сиыр мен ұсақ малды аман-есен тауып, заңды иелеріне тапсырған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар