23 шіл, 2021 сағат 21:24

Алматы облысында жаңа шектеу шаралары енгізілді


Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құжатта ҚР-да және Алматы облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 26 шілдеден бастап жаңа шектеу шаралары енгізілгені жазылған. Олар: 

1) «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері келесі қызметтерге тыйым салынады: 

- қоғамдық көліктердің қызметтеріне; 

- COСO, сауда үйлері, сауда желілерінің; 

- спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері,спорт клубтары, жаттығу залдары); 

- қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттардың (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі); 

- фитнесс-орталықтардың, фитнесс-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, моншалардың, СПА орталықтарының, бассейндердің; 

- кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдардың, филармониялардың, цирктердің; 

- алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің, ашық және жабық базарлардың; 

- компьютер клубтарының, боулингтердің, бильярд залдарының, караоке, түнгі клубтардың; 

- білім беру орталықтарының, балаларға және үлкендерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың көңіл көтеру орталықтарының; 

- банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің; 

- діни объектілердің қызметтеріне тыйым салынады. 

2) жұмыс күндері қойылатын шектеулер: 

- «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттар сағат 20:00-гe дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін; 

-«Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога- орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА - орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20:00-гe дейін, «Ashyq»-қа қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін шектеу қойылады. 

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттаркциондардың қызметі тоқтатылады. 

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.