
ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, Алматы облысының аумағында заңсыз ойын қызметін ұйымдастыру фактілерін анықтады.
Мәселен, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінің жер төлесін тексеру барысында 13-тен астам аппарат көлемінде ойын бизнесіне арналған көптеген компьютер техникалары тәркіленді.
Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11 бабына сәйкес - казино мен ойын автоматтары залдары, Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучинск ауданында орналастырылуға жатады.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті таратқан ақпаратта.
