27 там, 2020 сағат 10:53

Алматы облысында үш бала терезеден құлап, біреуі мерт болған

Жыл басынан бері Алматы облысында үш бала терезеден құлап, біреуі мерт болған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облыстық ТЖД бастығының орынбасары өңір бойынша көпқабатты үйдің терезесінен балалардың құлап кету оқиғасының статистикасын айтты. 

«2020 жылдың 8 айында Алматы облысында 3 рет көпқабатты үйдің терезесінен бала құлау оқиғасы тіркелді. Оның ішінде бір бала қаза болды, екеуі жарақат алды. 2018 жылы 1 бала терезеден құлап, опат болған болатын. Ал 2019 жылы 6 бала терезеден құлап кеткен. Оның біреуі қаза болып, қалғаны жарақат алған. Балалар әр нәрсеге қызыға береді. Сондықтан ашық терезенің алдында қауіпсіздікті ойламайды. Көбене 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлап кетіп жатады. Мұндай оқиғалар көбінесе ата-ана балаларды қараусыз қалдырған кезде болады», - деді Департамент бастығының орынбасары Ерлан Ахашов.