Бүгін Алматы облысы әкімінің
бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашевтың және Агенттіктің Алматы облысы бойынша
департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен облыстық
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның кезекті отырысы өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың түйіткілді
мселелері, өмірдің түрлі салаларындағы ерекшеліктері, оның себептері мен зиянды
салдары сөз болды.
Отырыс барысында Талдықорған қаласының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ оларды шешу
жолдары талқыланды.
Қатысушыларға Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет департаментінің 2020-2021 жылдар кезеңінде тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп
жатқан жұмыстары туралы кеңінен баяндалды.
Мәселен, облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
департаменті Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында
2020-2021 жылдар кезеңінде осы ведомство қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жөнінде 50-ден
астам азаматтан өтініш түсіп (2020-20, 2021-32), 20 қылмыс
тіркелген (2020 – 11, 2021 - 9), 15 лауазымды
тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған (2020 - 7, 2021 - 8).
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҚР
ҚІЖК 200-б. тәртібінде Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары саласында
қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар жасауға ықпал ететін
мән-жайларды жою бойынша енгізген ұсынымы қаралды.
Айта кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп
отырады.