21 қыр, 2020 сағат 13:53

Алматы облысында оқушы бала жарты айдан бері іздестірілуде

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған 10-сынып оқушысы жарты айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2004 жылдың 30 қазаны күні туған Жұмасыл Ерасыл Серікқалиұлының із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар полицияға 10 қыркүйекте келіп түсті. Содан бері жасөспірім бала іздестірілуде», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

16 жастағы жасөспірім Сарқан ауданы, Черкаск ауылындағы үйінен 9 қыркүйекте шығып кетіп, қайтып оралмаған. 

Ол Черкаск ауылының Тынышбаев атындағы мектептің 10-сыныбында оқиды. 

Үстінде қызыл түсті спорттық күртеше, қара түсті жеңіл куртка, қара түсті трико, аяғында ақшыл көк түсті спорттық аяқ киім болған. Бойы – 170 см, шашы қоңыр түсті. 

«Осы дерек бойынша қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғастырылуда», - деді департаменттен. 

Полицейлер Ерасыл жайлы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтардан дереу полицияға хабарласуды сұрайды.