14 қыр, 2021 сағат 23:38

Алматы облысында мал ұрлады деген айыппен бір топ күдікті ұсталды


Алматы облысында үш бұқа мен сиырды ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл АПБ кезекші бөліміне 43 жастағы тұрғын жайылымнан жалпы құны 1 200 000 теңге болатын 2 үш жасар бұқа  мен 1 сиырды ұрлап кеткендігі туралы арызбен жүгінді. Аталған факті ҚР ҚК 181-1-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Алматы облысы ПД ҚПБ жедел уәкілдері жергілікті ЖПБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Жамбыл облысы Қордай ауылының 37, 39 және 49 жастағы үш тұрғыннан тұратын қылмыстық топтың ізіне түсті. Олардың бірінің туыстарынан сақшылар ұрланған үш бұқаны тәркіледі. Бір қызығы, осы үшеуінің бірі бұрын мал ұрлағаны үшін сотталып, 4 жыл бас бостандығынан айырылды.

Ұсынылған дәлелдермен әшкереленген ұрлықшылар ұрлықты мойындады және түнде үшеуі жайылымға екі көлікпен келіп, жайылып жүрген бұқалар мен сиырды ұстады. Сиыр сойылып, ет 250 000 теңгеге сатылды, ал бұқаларды Байсерке ауылында туысқандарына апарған.

Барлық үш күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. «Ауди-100» маркалы екі автокөлік қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, сот шешіміне дейін арнайы тұраққа орналастырылды. Бұқалар заңды иесіне қайтарылды, иесі полицияға жақсы жұмыс үшін алғыс білдірді.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Айта кетсек, жақында ғана Алматы облысында мал ұрлығына күдікті бір топ адам ұсталған болатын.

Нақтырақ айтсақ, биылғы тамыз айының ортасында жедел жұмыс барысында Алматы облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің назарына бұрын әртүрлі уақытта мал ұрлығы үшін сотталған ер адамдардың криминалдық тобы түсті.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер түнгі уақытта Іле ауданы Междуреченск кентінің жанындағы жайылымнан жылқыны қалай ұрлағанын анықтады. Олжаны тасымалдау кезінде Газель - фургон автокөлігінде ұрлықшылар ұсталды, жылқы тәркіленді.

Бұдан әрі, аула аралау арқылы тәртіп сақшылары «Савраски» иесін анықтады, ол Междуреченск кентінің 34 жастағы тұрғыны болып шыққан.  Жәбірленуші ұрлық туралы арыз жазды.

Қажетті рәсімдерден кейін жылқы иесіне қайтарылды, иесі полицейлерге жақсы қызметі үшін шын жүректен алғыс айтты. Күдікті деп танылған Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 34, 44 және 49 жастағы тұрғындары ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес УҰИ-на қамауға алынды, содан кейін тергеу судьясы оларға қамауға ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында қамауға алынғандардың  басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.