14 сәу, 2020 сағат 15:15

Алматы облысында коронавирус инфекциясынан екінші адам жазылып шықты

Бүгін Қарасай ауданындағы Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан короновирус диагнозы бойынша ем қабылдаған адам толық емделіп шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1979 жылы туған әйел 27 наурыз күні ауруханаға түскен болатын. Хаттамаға сәйкес барлық ем-дом шараларын қабылдағаннан кейін, оған 13 сәуір күні екінші қайтара жасалған талдау нәтижесі теріс болып шықты. 

Емделуші Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген. Пациент 6 адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында болды.

Еске салсақ, 14 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысында Covid19 инфекциясынан екі адам емделіп шықты. Олардың екеуі де - Қарасай ауданының тұрғындары.