11 қаң, 2017 сағат 18:33

Алматы облысында ХҚКО-ға келген адамның қайтыс болуына байланысты жаңа деректер белгілі болды

Алматы облысында ер адамның ХҚКО-да қайтыс болуының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

59 жастағы ер адам III топтағы мүгедек екені белгілі болды. Ол ұлымен Бұрындай ауылынан таңғы уақытта ХҚКО-ға келген екен. Ол сол жерде 2008 жылдан бері тұрып келген. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, оған аяғының жоқтығына байланысты мүгедектік берілген. Ер адам протездің көмегімен қозғалған. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәлімет бойынша, оқиағадан бұрын ер адам өзін нашар сезінген. Қарияны ұлы таза ауа жұту үшін далаға ертіп шыққан және бірден жедел жәрдем шақыртқан.

Осыған дейін, Алматы облысында ХҚКО-ға уақытша тіркеуге келген ер адамның қайтыс болғаны хабарланған. Полицейлердің мәліметінше, оқиға Іле ауданындағы Өтеген Батыр ауылында, сағат 15.00 шамаларында болған. Ер адамның көшеде тұрған көлігіне отырғаннан кейін қайтыс болғаны айтылды. 

Қазіргі уақытта полицейлер өлім дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.