Алматы облысының полициясы аса қауіпті қылмыскерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облысының Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы, қауіпті қылмыскерді іздеп жатыр.
Ол- бірнеше ауыр қылмыс жасаған 1983 жылы туған Ринат Балтабаев.
«Ерекше белгілері: бойы 160-170 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, көзі қара түсті, алдыңғы тістері жоқ. Аталған азаматты көрген-білгендер немесе тұрғылықты жерін білетіндер болса +7 775 157 2222, +7 702 712 7922 немесе 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
