26 қыр, 2024 сағат 15:31

Алматы облысында қарт әйелді өлтіруге 10 млн теңгеге тапсырыс берілген

Фото: pexels.com

Алматы облысында қарт әйелді өлтіруге 10 млн теңгеге тапсырыс берілген. Полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

"Облыстық ПД ҰҚҚКБ-ға 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысты", - делінген хабарда.


Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.