07 сәу, 2025 сағат 14:57

Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының тауларында 7-13 сәуір аралығында көшкін қаупі сақталады. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік  шараларын сақтауды сұрайды. 

"Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", - делінген хабарламада.