Алматы облыстық полиция департаменті аса ірі
мөлшерде есірткі заттарын өткізу және сақтау бойынша тағы бір күдіктіге айып
тағылғанын мәлімдеді.
Талғар
ауданындағы ауылдардың бірінде Алматы облыстық есірткі қылмысына қарсы
іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізді. 54 жастағы С. атты азаматтан салмағы 54.65 грамм есірткі
заты сатып алынып, қылмысы әшкереленді.
Аталған
факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі «Есірткі заттарын ірі мөлшерде
заңсыз өткізу» бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу
барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде күдікті өз еркімен өзіне тән иісі
бар өсімдік тектес жасыл түсті ұсақталған заты бар 4 полиэтилен пакет берді.
Бұдан басқа, «Арчибальд» қызметтік-іздестіру итінің көмегімен негізгі ғимаратқа
жапсарлас құрылыстардан жедел уәкілдер ұқсас заты бар тағы екі пластмасса
бөшкелерді тапты.
Сараптама
қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткі болып табылады. Марихуананың
жалпы салмағы – 2 кг. 385 грамм. Аталған факті ҚР Қылмыстық
кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктіге «Есірткі,
психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде
заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бабы бойынша айып
тағылды. Осы аталған баптың санкциясымен күдікті үш жылдан жеті жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.