15 там, 2023 сағат 07:54

Алматы облысында екі жігіт банкоматтан 12,8 млн теңге ұрлаған - видео

видеодан алынған кадр

Алматы облысының полицейлері банкоматтан ақша ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының полиция бөліміне 1988 жылы туған А. есімді азаматша сағат 08:00 шамасында медициналық маска киген белгісіз адамдар Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірген.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары дүниеге келген Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді" - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілмек.