04 қыр, 2021 сағат 19:18

Алматы облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды


Алматы облыстық полиция департаментінденің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Жергілікті полиция қызметі басқармасымен, сондай-ақ басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі бағыты Балқаш-Алакөл бассейнінің балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау болды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Балқаш-Алакөл бассейнінің балық шаруашылығы су айдындарында 9 км. 700 м. балық аулаға арналған Қытай өндірісінің аулары, 14 қармақ, 5 моторлы қайық, 1 мың 599 кг. балық тәркіленді. 55 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы келтірілген залал 5 млн. 300 мың 549 теңгені құрады», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментіндегі криминалдық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Данияр.

Жалпы, 7 айдың қорытындысы бойынша 1045 заң бұзушылық анықталып, 104 қылмыстық іс қозғалды. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін 941 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 13 тонна 894 кг балық, 50 құқық бұзушылық жасау құралы, 4 мың 913 км қытайлық балық аулау торлары, 24 дана жүзу құралы және 21 дана атыс қаруы тәркіленді.

«Сонымен қатар, алдын алу кезеңінде криминалдық полиция басқармасы мен жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 335, 337, 339 және 287-баптары бойынша барлығы 7 қылмыстық іс қозғады. Жұмыс тобы Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы өкілдерінің, Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің, балық шаруашылығы қауымдастығы ДБ өкілдерінің қатысуымен Қапшағай су қоймасының айдынын және қараусыз қалған жерлерін, сондай-ақ жағалау аумағын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша іс-шаралар өткізді», – деп атап өтті полиция полковнигі Асхат Данияр.