
Алматы маңында тапа - тал түсте қоғамдық көлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
20 желтоқсан күні екі жас жігіт Іле ауданына қарасты Жетіген ауылында автобус жүргізушісін соққыға жыққан. Бұл факт Іле аудандық полиция басқармасында тіркелді.
«Тексеру барысында жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал туындағаны анықталды. Оның соңы төбелеске ұласқан. Осыдан кейін жолаушы ұлына қоңырау шалып, оны шақырған. Оқиға орнына досымен келген ұлы автобус жүргізушісін соққының астына алған. Күдіктілер қамалды. Олар Талғар ауданы, Нұра ауылының тұрғындары - жолаушының 28 жастағы ұлы мен оның 21 жастағы досы болып шықты»,– деп хабарлады полициядан.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қоғамдық көлік жүргізушісінің денсаулығына аздап зиян келген. Материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы бойынша сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді. Ұсталғандар автобус жүргізушісінен кешірім сұрады.
